«Атырау 360» жобасы: Енді тұрғындар Жайық өзенінің деңгейін панорамалық форматта бақылайды

Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін Жайық өзенінің күндегі жағдайын 360 градуста бақылауға мүмкіндік беретін «Атырау 360» жобасы іске қосылды.

Бұл жобаны жергілікті еріктілер облыстық жедел штабтың ақпараттық қолдауымен жүзеге асыруда. Аталған сайтқа күн сайын Жайық өзені бойындағы учаскелердің фотосуреттері салынады.

Қазіргі уақытта сайтта Бесікті, ДСК, Авангард және Перетаска аудандарының панорамалық суреттері бар. Фотосуреттерді atyrau360.kz ресми сайты арқылы 360 градус форматта көруге болады.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

https://t.me/oper_shtab_atyrau

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521